Қайрат Еркебаев

ЕРКЕБАЕВ ҚАЙРАТ ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ

Еркебаев Қайрат Құралбайұлы 1993 жылы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан аулында дүниеге келген. Қарақия ауданына қарасты Қарақұдық орта мектебінде оқыды. 2011-2015 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Кино және  драма театр актері» мамандығы бойынша профессор, ҚР Халық артисі Гүлжан Әспетованың шеберханасынан дәріс алды. 2015-2016 жылдары Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жолын бастады.

2016 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында актер қызметінде еңбек етуде.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

• 2021 жылы «NJ Fest-2021»  Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры фестивалінде «Қыран 2021» (жылдың үздік вводы) номинациясы;

• 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

• 2022 жылы Ресей театр өнері институтында «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу өнері» бағдарламасы бойынша оқып, біліктілікті арттыру куәлігі;

• 2023 жылы «Қазастандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестік төрайымының ҚР Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестік дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және дүниежүзілік театр күніне орай Алғыс хатымен марапатталды.

  СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

· Әбіш Кекілбайұлы «Күй» - Мәмбетпана тұқымы

· Светқали Нұржан «Хан кегі» - Жәнібек

· Шыңғыс Айтматов «Аққудың көз жасы» - Садық

· Сайын Назарбекұлы «Ақбөбек» - Бегей

· Заки Зайнуллин «41 жылдың келіншектері» - Салахаддин

· Нартай Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Бейімбет Майлин

· Рақымжан Отарбаев «Фариза мен Мұқағали» - Қалтай Мұқамеджанов

· Мұхаметқали Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ләззат

· Уильям Шекспир «Гамлет» - Агент

·  Агата Кристи «Мышеловка» - Мистер Паравичинни

·  Ф.Эрве «Айлакер ару» - Урсула

·  Саид Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Хаким

·  Қанат Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Ержан

·  Дулат Исабеков «Ескі үйдегі кездесу» - Шал

·  Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - Асқар

·  Дулат Исабеков «Әпке» - Қабен

·  Мұқағали Мақатаев «Қош, махаббат» - Профессор

·  Сабыр Адай «Үрей дерті» - Қарақұрт

·  Антон Чехов «Чудесные люди» - Мерчуткина Настасья Федоровна

·  Лопе де Вега «Шөп қорыған ит» - Фабьо

·  Мұхтар Мағауин «Әйел махаббаты» - Қоңқақмұрын жігіт

·  М.Байджиев «Іздедім сені» - Ескендір

·  Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Айдар

· Г.Қамысбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - Табылды

· Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Әубәкір

· М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Иса

· О.Жанайдаров «Двое в кафе» - Алексей

ЕРТЕГІЛЕР:

· Ағайынды Гриммдер «Белоснежка және жеті гном» - Ақылды

· О.Әубәкіров «Қожа мен спорт» - Атасы

· М.Абай-Ділдә «Балшық бала» - Атасы

· Орыс халық ертігісі «Бауырсақ» - Аю

· Ш.Перро «Золушка» - Өгей шеше

· Р.Киплинг «Маугли» - Балу

· М.Абай-Ділдә «Туған күн» - Піл

· Халық ертегісі «Ер Төстік» - Таусоғар

· М.Томанов «Қошқар мен теке» - Қасқыр

· Ш.Перро «Етік киген мысық» - Адам жегіш

· Ағайынды Гриммдер «Бремен музыканттары» - Патша

· Ф.Камов «Ну погоди» - Клоун

· А.Михалков «Үш торай» - Ниф

·  «Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Сұлтан

· Ш.Перро «Сұлу мен құбыжық» - Морис

 

ФИЛЬМОГРАФИЯ:

«Сезім толқыны» сериал  - тергеуші





12
>