Репертуар: Шыңырау

Жанр: (драма)

Автор: Ә.Кекілбаев

/драма/ 

Автор: Ә.Кекілбаев

«Шыңырау» повесінің желісі бойынша  

Қоюшы режиссер: Быйаман Уола Сэргэ Обокуун

(Саха Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері, «Золотая маска» театр сыйлығының лауреаты)

Қоюшы суретші: Гүлнар Канафина

(ҚР мәдениет қайраткері)

Хореограф: Серік Сариев

(ҚР мәдениет саласының үздігі)

Сахна қозғалысы: Гюль Зиятова

(«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты)

Режиссердің ассистенті:

Эльмира Керімбаева

Рольдер мен орындаушылар:

(Әртістер қойылым кезінде бірнеше рольдерді сомдайды)

Еңсеп – Айбек Иманқұлов

Құлжан,

Төкен бай – Кенжебек Башаров

(ҚР мәдениет саласының үздігі, «Жыл актеры – 2017» Н.Жантөрин атындағы дипломның иегері)

Анасы – Сағадат Сейтқожаева

Әйелі – Эльмира Керімбаева

Дәржан – Сүндет Сәрсен

Ханым – Майра Бақбердиева

(«Жыл актрисасы – 2017» Н.Жантөрин атындағы дипломның иегері )

Байсал бай – Медғат Өмірәлиев

(«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Еңлікгүл» кәсіби сыйлығының лауреаты)

Қалпақ,

Сығанайдың әйелі – Жазира Ходжахмедова

Бөкен бай,

Жас жігіт – Нұрсұлтан Джексенбаев

Ә. Кекілбаевтың әлемге әйгілі «Шыңырау» повесі – тілі шұрайлы, мазмұны терең шығарма. Бұл қойылымда басты кейіпкер тек Еңсеп қана емес, шөлді аймақ Үстірт үстіндегі табиғаттың терең сырларын меңгеріп, ұрпағына мирас етіп қалдырған барша құдықшылардың прототипінің жиынтығы.

Шығарма көрерменге терең ой салып, жетістікке жету үшін тек еңбек қана емес, ой-пікір тереңдігі, жан тазалығы мен ниет тазалығы қажет екендігін түсінуге жетелеп, онсыз биік шыңға да, түпсіз тереңдікке де жетуге болмайтындығын меңзейді.

Шығармаға инсценировка жасап, сахналау – режиссердің ғана емес, бүкіл ұжымның қажырлы еңбегін талап етті.

Премьерасы 2016 жылдың 11-қыркүйегінде өтті.

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 25 минут  





>