Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды

 Кеше, 28 қыркүйек күні Н.Жантөрин атындағы музыкалық  драма театр  ХV театр маусымы салтанатты түрде ашылды.  ХV маусымының шымылдығы  «АНТ» спектаклімен ашылды.

 «Ант» драмасында Мәсбатыр байдың алты ұлдан кейін сағынып көрген сүйікті қызы Шолпанның тағдыры суреттеледі. Байдың ерке қызы, ауыл жастарын жинап алып, той-думан үстінде 70-тегі Қожаназар байдың шамына тиеді. Осы жасқа келгенше өзін масқараламақ болғанды аяқсыз қалдырмаған Қожаназар бай Шолпанды тоқалдыққа алмасам, төбеме тәңір ойнасын деп ант етеді.

«Ант»  Маңғыстау жеріне қазақ халқының қоныстанып келуі, адай жылқысының шығу тарихы, ХVIII ғасырда қазақ халқы мен түркімендер арасындағы кикілжің жағдайларды баян етеді.  Ел арасында белгілі, заманының даңқты тұлғаларының бірі, Әбіш аға Кекілбаевтің арғы атасы Қожаназар байдың назды 14 жастағы сұлу қызы Ақшолпан кездесіп ант беруі, кенже ұлы Қошанды ел үшін 360 әулиелердің киелісі Қараман ата мешітінде антқа тігуі және адай руының ұранына айналған көріпкел, батыр атанған Бекет атаның елге деген қамқорлығын жыр етеді.

 Авторы: С.Назарбекұлы, Н.Мұханов

Қоюшы режиссер: Гүлсина Мерғалиева

Қоюшы суретші: Гүлнар Канафина

 «Маңғыстау Медиа» ұжымы Н.Жантөрин атындағы драмалық театр ұжымын ХV театр маусымының ашуылымен құттықтайды! 

Айта кетейік, ертең, 29 қыркүйек күні  театрда «Пай-пай жас жұбайлар-ай» комедиясы қойылады. Келіңіздер, көріңіздер! 

Дата публикации: 0



6 апреля 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 апреля 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 ноября 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 февраля 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>