'ХАН КЕГІ' - халық көңілінен шыққан қойылым

Көктемнің алғашқы айында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Светқали Нұржанның «Хан кегі» поэтикалық драмасы сахналанды.

Өз дәуірінің көркем тарихын бейнелеген туындының тұсаукесерін қалың көрермен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрынан наурыздың 6, 9, 15 күндері тамашалады.

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елі мен жері үшін жанын қиған тұлғалар тарихта аз болмаған. Солардың бірі —  халқын қайткенде зұлым заманның құрсауынан құтқарып қаламын деп жан ұшырған Әбілқайыр хан болса, бірі — оның өмірлік жары әрі ақылшысы болған Бопай анамыз.

Қаламгердің он жеті жыл бұрын хатқа түскен дастанындағы даналығымен Әбілхайыр ханның кегін қайтарған Бопай ханымның тұлғасы көпті тәнті етті.

Азаматы, халқының жол сілтер басшысы қызғаныш пен опасыздықтың құрбаны болған тұста Бопайдың батылдығы мен қайсарлығы көрініс тапты. Оның мұндай ерлік әрекеттерге баруына маңындағылардың ханға сатқындық жасағандарға қарсы әрекетке құлықсыздығы түрткі болды. Өйткені хан кегінің сұраусыз кетуі арға сын, болашаққа шабылған балта іспетті еді.

Ақыл-парасаты мен айбыны асқар бәйбіше бұдан соң Маңғыстауды кеңінен жайлаған төркініне, Адай жұртына хабар салады.

Арыдан ойлайтын Бопай ананың парасатының арқасында қантөгіссіз, ұрыс-керіссіз Хан кегі қайтарылды.

Қойылым сахналанғанына ай өтсе де зал лық толы. Ұлылар бейнесін, тарихты тереңнен танымаққа ниетті жандардың қарасы басым екенін кешегі қойылымнан кейін тағы да аңғардық.

Тарихты кітаптан оқығаннан гөрі қойылымнан тамашалау көбірек есте қаларын ескерсек, театрға мұндай туынды үшін талай келуге болары сөзсіз екені де есте жүрген жөн.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

 

Дата публикации: 0



6 апреля 2016

​Театр сахнасында жаңа кейіпкерлер

5 апреля 2016

Сахна сәні – Бану Манкеева

18 ноября 2015

До свидания, фестиваль, до новых встреч!

26 февраля 2013

«Іздедім сені» немесе махаббат пен ізгілік баяны

12

 

Справочная информация

Касса: 60-10-04

Общие вопросы: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>