«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалінің ережесі
1. Жалпы ереже:
Фестивальдің құрылтайшысы: Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы.
«ӘБІШ ӘЛЕМІ» атты І республикалық театр фестивалі 2016 жылдың қараша айының екінші жартысында өтеді.
2. Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:
Республикалық «ӘБІШ ӘЛЕМІ» фестивалі – Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, сахналау, Ұлттық театр өнерін дамыту және насихаттау мақсатында екі жылда бір рет қараша айында өткізіледі.
3. Фестивальдің шарттары
Фестивальге соңғы үш жылда сахналанған көркемдік деңгейі жоғары Әбіш Кекілбаевтің драмасы, (аудармалары), шығармалары желісінде сахналанған қойылымдар ұсынылады. Шығармалар ұйымдастыру алқасының таңдауынан кейін фестивальге қатысуға жолдама алады. Ұйымдастыру алқасы қойылым видеосын, фотоларын, аннотациясы мен ұсыныстарды 2016 жылдың 1-қазанға дейін n.zhanturin_aktau@mail.ru электронды почтасы бойынша қабылдайды. Өтінім формасы 1-қосымшада берілген.
Фестивальге ең үздік, іріктелген қойылымдар Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық- драма театрының сахнасында көрсетіледі.
Фестивальге таңдалып алынған театр ұжымының келу-кету жол шығындары қатысушылар жағынан, тамақтандыру және тұратын орнымен, қатысушыларды қала ішінде жүру көлігімен қамтамасыз ету ұйымдастырушылар тарапынан болады.
Қатысушы ұжымның саны 20 адамнан (әкімшілік және техникалық қызметкерлерді қоса санағанда) аспауы керек.
4. Ұйымдастыру комитеті
1. Фестивальді дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімімен бекітіледі.
2. Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
3. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
4. Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен Фестивальді дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет етеді.
5. Ұйымдастыру комитеті Фестивальді дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
6. Ұйымдастыру комитеті театрлардың өтінімдері және спектакльдердің бейне жазбаларын қарау негізінде Фестивальге қатысушылардың құрамын анықтайды.
5. Қазылар алқасы және номинациялар
1. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру алқасының
ұсынысымен облыстық Мәдениет басқармасы бекітеді. Қазылар алқасының
құрамына театр сыншылары, режиссерлер, драматургтар, шығармашылық
зиялы қауым өкілдері кіреді.
2. Қазылар алқасы фестивальдің жүлде қорын келесі номинациялар бойынша белгілейді:
“Ең үздік қойылым” – Гран-при жүлдесі, Әбіш Кекілбаев атындағы сыйлық;
«Үздік режиссерлік жұмыс»
«Үздік әйел адам бейнесі»
«Үздік ер адам бейнесі»
«Үздік екінші пландағы бейне»
«Үздік сахналанған Әбіш Кекілбаев шығармасы»;
Облыс әкімінің арнайы сыйлығы;
Ынталандыру сыйлығы;
3. Фестивальдің кез-келген номинациясы бойынша жүлде қорын тағайындауға;
4. Фестивальдің жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.
5. Жүлде қоры бекітілген шығыстар сметасына сәйкес бөлінеді. Жүлде
қорын тағайындау туралы қазылар алқасының шешімі ашық дауыспен қабылданады және қазылар алқасының барлық мүшелері қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
6. Қазылар алқасының шешімі Фестивальдің жабылу салтанатында жарияланады, түпкілікті болып табылады және қайта қарастырылмайды.
7. Заңды және жеке тұлғалар Ұйымдастыру комитетінің келісімі
бойынша арнайы сыйлықтар тағайындай алады.
6. Фестивальді ақпараттық жариялау
1. Фестиваль жұмысын кең көлемде насихаттау мақсатында
Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті материалдарды ұсынады.
2.Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасы мен Фестивальдің басқа да
қатысушыларының қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырады.
3. Ұйымдастырушы жақтың (радио-теле, үнтаспа, бейнетаспа) бағыттары бойынша жазуға, түсіруге мүмкіндігі бар, қаламақысыз фестиваль туралы арнайы сайттарға беруге құқылы.
7. Қаржыландыру тәртібі
1. Фестивальді өткізу облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
Қарастырылған қаржы көздері бекітілген шығыстар сметасына сәйкес мақсатта жұмсалады.
1) қазылар алқасы мүшелерінің іссапар шығындары (жолақы, жатын орын, тамақтану/тәуліктік шығындар) мен қаламақыларын;
2) Фестивальдің жүлде қорын;
3) жарнамалық өнімдерін шығару шығыстарын төлейді;
2. Фестивальдің өту мерзімінде қатысушылардың тамағын, тұратын орнын төлейді;
Барлық спектакльдер көпшіліктің алдында және фестиваль бағдарламасына сәйкес тегін көрсетіледі. Спектакль көрсетілімдері үшін қаламақы төленбейді.
8.Өтетін жері:
130000, Ақтау қаласы (Қазақстан
Республикасы)
8-ші шағын аудан,
театр ғимараты.
Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры.
тел/факс: 8 (7292) 60-10-05, 60-10-03, 60-10-01
тел.
8-702-231-31-78 Айнара Жансейтова
8-778-703-93-90 Самал Жетекова
Оқылған саны: 22803
26 сәуір 2023
Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!
20 сәуір 2023
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!
10 сәуір 2023
Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!
7 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.
6 сәуір 2023
Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында
2 сәуір 2023
Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі
12 қазан 2021
Құттықтаймыз!
9 қыркүйек 2021
XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ
9 сәуір 2021
Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"
9 сәуір 2021
Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.
3 сәуір 2021
Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.
21 наурыз 2021
Бүгін біздің туған күн!
18 наурыз 2021
"Кел, балалар, ойнайық!"
15 наурыз 2021
Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!
12 наурыз 2021
"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.
8 наурыз 2021
3 наурыз 2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.
2 наурыз 2021
ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/
22 ақпан 2021
Архитектуралық өзгерістер жоспары
15 ақпан 2021
М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.
7 ақпан 2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!
28 қаңтар 2021
Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.
28 қаңтар 2021
"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.
22 қаңтар 2021
ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн