ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...

Бүгін Маңғыстау облысының Мәдениет Басқармасының  басшысы Пәния Сармурзинаның бұйрығымен Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының ДИРЕКТОРЫ қызметіне ГҮЛСИНА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ МЕРҒАЛИЕВА тағайындалды. 

Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы

Мерғалиева Гүлсина Бақытжанқызы 20.02.1975 жылы Ресей Федерациясы, Самара облысы, Большечерниговский ауданы, Кошкин кентінде дүниеге келген. Әкесі Бақытжан трактор бригадирі, анасы мәдениет саласында көп жыл қызмет етті. Анасының мәдениет саласында жұмыс істеуі Г.Мерғалиеваның өнер жолын таңдауына тікелей әсерін тигізді. Отбасында барлығы дерлік өнер жолын таңдаған жандар. 

1982-1992 жылы Августовский ауылдық мектептен орта білім алды.  1995-2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «драма режиссеры» мамандығы бойынша Маман Байсеркенов шеберханасында білім алды. 


2000 жыл  Қазақстан театрларының VIII фестивалінде Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымы үшін «Үздік режиссерлік дебют» жүлдесінің иегері, Павлодар қаласы 

2000 жыл Ш.Құсайынов атындағы драма театрында бас режиссер. Көкшетау қаласы

2001 жыл Шағын комедиялардың бірінші республикалық театр блиц фестивалінде «Конвейер» спектаклі үшін бас жүлдемен марапатталды, Алматы қаласы 

2002 жыл Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы  музыкалық драма театрының көркемдік 

жетекшісі әрі бас режиссері, Ақтау қаласы

2003 жыл XI Республикалық театр фестивалінде  Б.Беделханұлының «Махамбет» поэтикалық драмасын сахналауда режиссерлік ізденісі үшін марапатталды, Орал қаласы

2004 жыл «Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты

2004 жыл  VII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл

жастар фестивалінде  «38 немесе Қарақұрт» қойылымы үшін «Үздік режиссура» номинациясымен марапатталды, Астана қаласы

2005 жыл  XIII  Республикалық театр фестивалінде «38 немесе Қарақұрт» қойылымымен қатысып,«Шығармашылық жаңа ізденістері үшін»  дипломымен марапатталды Қызылорда қаласы        

2006 жыл   Қазақстанның іскер әйелдері арасындағы «Ажар» сыйлығының лауреаты атанды.                

2006 жыл   ҚР еңбек сіңірген қайраткері                                                                                 

2008 жыл   XVI Республикалық театр фестивалінде Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» қойылымымен  1-ші орын жүлдегері атанды, Ақтау қаласы                                                                                      

2011 жыл   XIX  Республикалық театр фестивалінде С.Құдайбергеновтың «Перзентхана» қойылымы үшін «Ең үздік режиссерлік шешім» номинациясы бойынша марапатталды, Алматы қаласы                     

2012 жыл   ХХ Республикалық театр фестивалінде М.Әуезов, С.Цвейгтің шығармалары негізінде қойылған «Зілзала» спектаклімен «Ең үздік режиссер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, Орал қаласы

2013 жыл   «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының «Жыл режиссері» аталымы бойынша лауреат атанды.

2015 жыл   Қазақстан халқы Ассамблеясының төс белгісімен марапатталды.

2017 жыл   «Нұрмұхан Жантөрин» атындағы төс белгісімен марапатталды. 

2017 жыл    Халықаралық Қара теңіз театрлар фестиваліне 

«Гамлет» спектаклімен қатысып, ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы дипломына ие болды, Түркия, Трабзон қаласы

2019 жыл   «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» номинациясының жеңімпазы. 

                                               

Фильмография:

2013 жыл  «Кәусар» атты психологиялық драмасының сценарий авторы әрі режиссері.


Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Абыройлы болыңыз! Жұмысыңыз жемісті болсын!

Театр ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

#жаңадиректор

#жаңақызмет

Жарияланған күні: 22 қаңтар 2021
Оқылған саны: 4471



26 сәуір 2023

Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!

20 сәуір 2023

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!

10 сәуір 2023

Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!

7 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.

6 сәуір 2023

Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында

2 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі

12 қазан 2021

Құттықтаймыз!

9 қыркүйек 2021

XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

9 сәуір 2021

Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"

9 сәуір 2021

Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.

3 сәуір 2021

Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.

21 наурыз 2021

Бүгін біздің туған күн!

18 наурыз 2021

"Кел, балалар, ойнайық!"

15 наурыз 2021

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!

12 наурыз 2021

"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.

8 наурыз 2021

3 наурыз 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.

2 наурыз 2021

ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/

22 ақпан 2021

Архитектуралық өзгерістер жоспары

15 ақпан 2021

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

7 ақпан 2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!

28 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.

28 қаңтар 2021

"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.

22 қаңтар 2021

ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>