Маңғыстау театры Трабзоннан табысты оралды.

Бұл дəстүрлі фестивальге арнайы шақырту алғандардың бірі – Қазақстан мен Орта Азиядан жалғыз Маңғыстаудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық театр ұжымы болса, екіншісі – литвалық театр. Сахналық өнер ұжымдарының шығармашылық байқауы жəне шеберлік сырлары мен тəжірибе алмасуы, аталған елдер арасындағы мəдени ынтымақтастықты нығайту мақсатындығы фестиваль бағдарламасына жерлестеріміз У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын ұсынды. Спектакльдің қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Мерғалиева. Басты рольдерді театрдың Р.Ақтаев, С.Сейтқожаева, К.Башаров, М.Өміралиев, С.Сəрсен, Ғ.Тілеген, Е.Бекен, т.б. талантты актерлер сомдаған қойылымның екі көрсетілімі де аншлагпен өтті.

Жергілікті көрермендер мен əріптестері маңғыстаулықтар өнеріне үлкен қошамет көрсетті. Театрдың бас режиссері Г.Мерғалиеваның айтуынша, маңғыстаулық әртістер сахналаған қойылым фестивальдің үздік қойылымдарының бірі деп бағаланды. Сондай-ақ, қазақстандық театр əртістерінің жоғары кəсіби шеберлігі мен сахна мəдениеті туралы түрік баспасөзінде көптеген жылы лебіздер жарияланып, фестивальдің мəдени бағдарламасы аясында көрсеткен ұлттық киімдер жиынтықтары əріптестерін ғана емес тұрғындар мен туристерді де қатты қызықтырып, əлеуметтік желіде белсенді насихатталған. Əлемдік классикалық туындыны сахналаудағы шеберліктері жəне бағдарламалық мəдени-көпшілік шараларға белсене қатысқаны үшін Н.Жантөрин театры фестивальді ұйымдастырушылар мен ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлделерімен марапатталды.

«Осы өнер сапары арқылы біз Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алдымызға қойылған ұлттық мəдениет пен өнердің жетістіктерін əлемдік деңгейде насихаттап, өзге елдермен мəдени байланыстарды нығайтуға үлес қосу жөніндегі міндеттерге атсалыса бастадық. Өзіміздің өремізді көрсетіп, өзгелердегі де кəсіби өсуге қажет тəжірибе, машықтарды үйрендік. Бұл бізге жазда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде елордалықтар мен əлемнің əр түкпірінен келетін қонақтар алдында да ойдағыдай өнер көрсетуімізге жақсы сабақ болды. Ал ЭКСПО-2017 көрермендеріне Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша сахналанған осы аттас драма мен Сұлтанбек Құдайбергеннің «Перзентхана» қойылымын ұсынамыз», дейді шығармашылық топты бастап барған театр директоры Нұрнияз Мұханов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/manhghystau-teatry-trabzonnan-tabysty-oraldy

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 8377



26 сәуір 2023

Театрдың 20 жылдығына шақырамыз!

20 сәуір 2023

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Ақтауда!

10 сәуір 2023

Ақтөбе қаласындағы гастроль сәтті аяқталды!

7 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Мәдениет басқармасының басшысы болып Ә.Байпақов тағайындалды.

6 сәуір 2023

Н.Жантөрин театры Ақтөбе қаласында

2 сәуір 2023

Құттықтаймыз! Марина Федоренконың бенефисі

12 қазан 2021

Құттықтаймыз!

9 қыркүйек 2021

XIX ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

9 сәуір 2021

Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзиялық кеш"

9 сәуір 2021

Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза театрда болды.

3 сәуір 2021

Алғыс күніне орай сахналанған тегін спектакль "БІР ШӨКІМ БҰЛТ" сәтті өтті.

21 наурыз 2021

Бүгін біздің туған күн!

18 наурыз 2021

"Кел, балалар, ойнайық!"

15 наурыз 2021

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновты құттықтаймыз!

12 наурыз 2021

"АТАУ КЕРЕ" спектаклінің премьерасы өтті.

8 наурыз 2021

3 наурыз 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Жаңаөзен қаласында кәсіби «Жастар театрының» ашылуы жоспарлануда.

2 наурыз 2021

ЖАҢА СПЕКТАКЛЬ О.Бөкей "АТАУ КЕРЕ" /драма/

22 ақпан 2021

Архитектуралық өзгерістер жоспары

15 ақпан 2021

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

7 ақпан 2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Поэзия кеші" ұйымдастырамыз!

28 қаңтар 2021

Маңғыстау облысының әкімі СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ Н.Жантөрин театрында.

28 қаңтар 2021

"Құнанабай мен Абай" жаңа спектаклінің премьерасының қарсаңында автормен кездесу.

22 қаңтар 2021

ТЕАТРҒА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ...

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>