Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті

 

Көрген де арманда, көрмеген де арманда! Кеше Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында ақын Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойына орай «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті.  Бұл кеште  әуезді ән айтылып, сүбелі өлең де оқылды. Есенғали шығармашылығынан қойылым ойналып, белгілі тұлғалар есіл естеліктерімен бөлісті.   Мерейтойды атап өтуге ақынның үзеңгілес достары, шәкірттері, студенттері мен  жыр сүйер қауым қатысып, залда ине шаншар жер болмады.


«Қазақ қаламгерлері Есенғали ақынға қарыздар»

Кеш шымылдығы Есенғали ағамыздың өмір жолы мен шығармашылығына арналған деректі фильмнен басталады.  Онда жыр кешінің иесі ақын ағамыз:

«Әжемнің баласы болдым. Ол кісі керемет ақын еді. Абыл, Нұрым, Қашаған жырларын жатқа айтатын. Әжемнің ертегісін тыңдап. Мен алдымен ауыз әдебиетіне қарыздармын. Екінші ұстазың кім десе, кітап деп жауап берер едім. Қай тілде болсын оқыған кітаптарым өмірдегі серігіме айналды», — деп ағынан жарылады.

— Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Пайғамбарлық менімен тоқтайды. Менен кейін ақындар келеді» деп айтқан екен. Бұл сөздің жаны бар. Есенғалидің өлеңдері шырын хадистерден бастау алады», — деген теңеу берді кеш жүргізушісі ақын Светқали Нұржан.

 

Есенғали Раушановтың кешіне арнайы алыстан келген қонақтар аз болған жоқ. «Алаштың алтын сарайы, белгілі жазушы, тарихшы Әнес Сарай бастап, жазушы, проза жанрының дүлділі Төлен Әбдікұлы, қазақтың қазыналы қаламгері Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Әбіш ағамыздың замандасы, депутат Сауытбек Әбдірахманов, жазушы, белгілі баспагер Мереке Құлкенов,  қазақтан шыққан тұңғыш желаяқ деген атқа ие болған Әмин Тұяқов, физик-математик Жауынбай Қараев, «Әбіштің сын кітабының өзі жыр кітабындай баурап алады» деп мадақтаған, Есенғали Раушанов шығармашылығы туралы монография авторы Жанат Әскербекқызы, Ұлт ұстазы «Қадір Мырзаәли» орталығының басшысы, ақын Бауыржан Халиолла, өлеңі қыздай сызылып тұратын ақын Жұмабай Құлиев, Әбіш Кекілбайұлының сөнбейтін шырағын жағып отырған өмірлік қосағы Клара Жұмабаева  мен оның қызы Сәулет те келіп отыр», — деп таныстырды Светқали Нұржан.

 

Гүлсина Мерғалиеваның режисерлігімен «Ғайша бибі» поэмасы  сахналанды. Онда түркі халықтарының көсемі Күлтегін қаған түркілердің 7 белгісін қадап айтып, бүгінгі ұрпаққа өсиет қалдырғандай әсер етті.

Сондай-ақ, өлке жастары Есенғали Раушановтың жалынды жырларынан үзінді оқыды. 1986 жылғы қанды көтерілістің ұранына айналған «Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалғанда, көрермендер көзіне жас алды.

«Жеті атамыздан бері жілік үзілмеген бай жердің баласымын!»

Белгілі журналист, қаламгер Сауытбек Әбдірахманов Е.Раушанов туралы келелі әңгіме бастады.

 

— Есенғали өте сирек сұхбат беретін ақын. Сондай сұхбаттың бірінде ол былай дейді: «Талай жерде айтып жүрмін. Қай кезде де жасырмай айтамын. Мен бар жердің баласымын. Жеті атамыздан бері жілік үзілмеген  тұқымбыз. Қорлыққа, мазаққа, иттікке, тексіздікке шыдамайтындармыз. Бақытым да, бақытсыздығым да сонда. Намыс деген бізде басқаша аударылады». Бұл сөз Есенғалидің тектілігін көрсетеді емес пе? Әрбір ақын, әрбір қаламгер Есенғалиға қарыздар. Мен ақынның 1957 жылы туғанына шүкіршілік етемін. Жаңа ғана 60 жасқа толып отыр. Біз 60 жасымыз келсе жылап көрісер едік. Өйткені Есенғалидің бозбала болып өскен кезі қоғам мен қоғам, заман мен заман ауысқан өтпелі кезеңге дәл келді. Бұл оның әрі драмасы, әрі бақыты. Есенғали мектепте жүргенде қазақ тоқырау кезеңнің шегіне жетті. Есенғали жігіттіктің жайлауына шығып, 25-ке келгенде Кеңес дәуірінде үлкен үрдістер орын алды. Есенғали 30-ға жетпеген шағында Желтоқсан оқиғасы болды . Соның бәрін жас кезінен көріп, өзегінен өткізді. Бұдан кейін тәуелсіздік келген заманда қилы-қилы кезеңнен өтті. Бұл да Есенғалидің санасының сүзгісінен өтті, жүрегіне жетті. Қазақтың басынан өткен қилы тағдыр Есенғали әлемін байыта білді.  Екінші жағынан, ақын өлең өнерін өзіне тән ерек стилімен байытты!

Бүгінгідей мағыналы мәнді кеш ұйымдастырып, азаматты ардақтап, асылды қадірлеген өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы мен күллі Маңғыстау жұртына келген қонақтар атынан алғысымды білдіремін, — деді Сауытбек Әбдірахманов.

«Есенғали аға – Маңғыстаудың баласы»

 

— Биыл ЭКСПО көрмесіндегі Маңғыстау күндері аясында Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы Астанада дүркіретіп тойланды.  Бүгін әкімшілікте зиялы қауым арасында әдемі талас болды. Біз, маңғыстаулықтар, талантты ақынымызды ешкімге бермейміз. Есенғали аға – Маңғыстаудың баласы!

Елбасымыз «Рухани Жаңғыру» атты мақаласын осындай тұлғалардың дәріптеліп, қарапайым халықпен етене әңгіме-дүкен құруына мүмкіндік жасайтын жобаларға арнады. Бізді сағынтпай жиі келіп тұрыңыз, Есенғали аға! Күллі Маңғыстау жұрты сізді асыға күтетін болады. Ақынның алпыс жылдық мерекесін Маңғыстау жерінде кеңінен атап өту – біздің парызымыз.

Астанада айтқан уәдеміз бойынша, бүгінгі кештің иесі Есенғали Раушановқа Ақтау төрінен пәтер кілтін табыстаймыз! Енді ағамыз Ақтауға жиі келеді деп үміттенеміз», — деген лебізін білдірді Маңғыстау облысы әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов.  Кеш соңында өңір басшысы Елордаден келген құттықтау хаттарын оқып, жыр дүлділі Есенғали ағамызға шапан жапты.

Айгүл ДӘДЕН

http://7292info.kz/mangystaulyktar-esengali-raushanovtyn-keshin-kalai-atap-otti-photo/

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 24264



30 желтоқсан 2020

Жаңа қойылымның тұсаукесері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады.

24 желтоқсан 2020

Премьера спектакля "Дикие историй 16+" прошла на высшем уровне

22 желтоқсан 2020

ПРЕМЬЕРА НОВОГО СПЕКТАКЛЯ УЖЕ СКОРО!

18 желтоқсан 2020

Елордамыздағы NOMAD театрына әйгілі режиссер, Халық Қаһарманы Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлының есімі берілді.

17 желтоқсан 2020

Нұр-Сұлтан. «Музыкалық жас көрермен театрының» салтанатты ашылуы өтті.

15 желтоқсан 2020

Гүлсина Бақытжанқызы mangystautv.kz телеарнасының басшысы Бекзат Жүсіптен телеарнаның мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

10 желтоқсан 2020

МАҢҒЫСТАУ ТЕЛЕАРНАСЫНА 50 ЖЫЛ! Н.ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ МАРАППАТАЛДЫ.

26 қараша 2020

"ӘЙЕЛ МАХАББАТЫ" спектаклі. Екінші премьерасының тұсаукесері.

23 қараша 2020

Лопе Де Веганың музыкалық комедиясы "ШӨП ҚОРЫҒАН ИТ" спектаклінің премьераларын сәтті өткіздік.

21 қараша 2020

Жаңа премьераның тұсаукесері өтті "ӘЙЕЛ МАХАББАТЫ", М.Мағауин.

18 желтоқсан 2019

Н.Жантөрин театрының актері Рамазан Ақтаев «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Директор орынбасары Тоқтамұрат Тілеу Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «Алғыс» пен марапатталды

14 желтоқсан 2019

Рамазан Ақтаев - «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»

25 қараша 2019

Жеңіс жемісті болғай!

25 қараша 2019

Ел газеті «Egemen Qazastanga» 100 жыл толды. Театрымыздың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Маңдайлы Қосымбай марапатталды.

24 қараша 2019

"Junior Eurovision 2019" ән байқауының жарық жұлдызы - Ержан Максим, жарайсың!

17 қараша 2019

Н.Жантөрин театры Атырауда...

6 қараша 2019

Көкшетауда бірінші халықаралық «TeArt-Көкше» фестивалі өтті.

30 қазан 2019

Н.Жантөрин театры «Teart-Көкше»Халықаралық театр фестивалінде «Измена» моноспектаклімен өнер көрсетеді

23 қазан 2019

Театр ұжымы Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайға барып, күл шоқын қойды

20 қазан 2019

20 қазан XVII маусымның ашылуы

15 қазан 2019

А.Әшімовтың "Жаңа ғасыр" театры Ақтауда

15 қазан 2019

"Abish Alemi" фестивалінің қазылар алқасына алғыс!

14 қазан 2019

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған Бірінші Халықаралық «Ábish Álemi» театр фестивалі өз мәресіне жетті.

13 қазан 2019

Ованес Абелян атындағы Ванадзор Мемлекеттік драма театрынан ерекше тосын сый

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>