Жантөрин театры мұнайшылар күнінде гастрольдік сапарға шығады https://mangystaumedia.kz/16/84256/

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры «Мұнайшылар күніне» орай гастрольдік сапарға шығады. Олар 20 тамыз бен 11 қыркүйек күндері аралығында «Қаражанбасмұнай» және «Өзенмұнайгаз» кен орнында өнер көрсетеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Өңіріміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген мұнай саласы қызметкерлерінің еңбегі ерен. Осы ретте Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мен «Қаламқас» кен орнының 45 жылдығын мұнайшылармен бірлесіп атап өту — негізгі мақсатымыз. Облыстық театр ұжымы мұнайшылар сахнасында өнерін паш етуге, мұнай саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтауға әрі қолдауға дайын. Гастрольдік сапар барысында мағынасы мол шығармаларға негізделген қойылымдарды сахналаймыз. Әрбір жанға рухани демалыс сыйлаймыз деген үміттеміз», — дейді Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры директорының орынбасары Тоқтамұрат Тілеуұлы. Сурет Н.Жантөрин театры инстапарақшасынан алынды Театр ұжымы 20 тамыз күні сағат 19:00-де  «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдығына байланысты Мұнайшылар мәдениет үйінде Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» спектакльін сахналайды. 21 тамыз күні сағат 17:00 және 19:00-де «Фариза мен Мұқағали» қойылымын мұнайшылар сахнасында көрсетеді. Ал 22 тамыз күні «Ғашықсыз ғашық» драмасын ұсынса, Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясын 23 тамыз күні сахналауды жоспарлап отыр. Н.Жантөрин театры инстапарақшасынан алынды Сонымен қатар  Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры 29 тамыз күні «Қаражанбас» кен орнына барады. Онда мерекелік концерт ұйымдастырып, 30 тамыз және 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Алғашқы махаббат» комедиясын көпке ұсынады. Көрермендер 31 тамыз бен 11 қыркүйекте Р.Отабаевтың «Фариза мен Мұқағали» шығармасын тамашалайды екен. Жұлдызай ҚАЛИЕВА

https://mangystaumedia.kz/16/84256/ 

Жарияланған күні: 18 қыркүйек 2019



16 қазан 2023

Арқа ажары

10 сәуір 2023

Театр артистері Ақтөбе телеарнасының "Қайырлы таң" және “Жаңа күн” бағдарламасында қонақта болды.

18 қыркүйек 2019

Жантөрин театры мұнайшылар күнінде гастрольдік сапарға шығады https://mangystaumedia.kz/16/84256/

5 сәуір 2019

"Алғашқы махаббат" премьерасы

30 қараша 2018

Жантөрин театры Вано князьді «үйлендіргелі» жатыр.

17 қыркүйек 2018

Ақтауда ІІ Каспий маңы елдерінің театр фестивалі мәресіне жетті

14 қыркүйек 2018

АҚТАУДА КАСПИЙ МАҢЫ ЕЛДЕРІНІҢ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

13 қыркүйек 2018

Фестиваль шымылдығын татар театры ашты

13 қыркүйек 2018

ФЕСТИВАЛЬ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАНТӨРИН ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

9 шілде 2018

АҚТАУДА НҰРМҰХАН ЖАНТӨРИННІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

28 мамыр 2018

Маңғыстау театрына 15 жыл

23 мамыр 2018

Н.Мұханов: "Сахнаны ашып-жабу үшін де білім керек"

4 мамыр 2018

Ақтауда «Фариза мен Мұқағали» спектаклінің премьерасы өтті

27 наурыз 2018

Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталды

9 наурыз 2018

"ХАН КЕГІ" - халық көңілінен шыққан қойылым

5 наурыз 2018

«Тар заманда» Әлиханның рөлін сомдаған Медғат Өмірәлиев: Алаш тарихын оқысаң - көзіңе жас келеді

2 наурыз 2018

МЕРЕЙІ БИІК МЕДҒАТ

13 қараша 2017

Ақтауда «Аққудың көз жасы» спектаклі сахналанып жатыр

9 қараша 2017

Маңғыстауға белгілі режиссер Талғат Теменов келді.

9 қараша 2017

Жаңа қойылымды сахналау үшін Ақтауға Теменов келді

4 қазан 2017

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр ХV маусымының шымылдығы «АНТ» спектаклімен ашылды.

29 қыркүйек 2017

Рухани жаңғыру: мәдениет пен өнердің рөлі

29 қыркүйек 2017

Каспий жағалауы елдерінің бірінші халықаралық театр фестивалі

29 қыркүйек 2017

Астанада Есенғали Раушановтың кеші өтті

12

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>