Бас суретші

Канафина Гульнара Амербековна
(ҚР «Мәдениет қайраткері»)

Канафина Гульнара Амербековна – 2 қаңтар 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келді. 1988 жылы Шымкент қаласындағы А.Қастеев атындағы сурет өнері училищесін бітіріп, 1988 жылы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнер институтына түсіп, 1993 жылы «сахна суретшісі – технологы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2003 жылы Семей қалалық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен;
2004 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2004 жылдан бастап Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық – драма театрында бас суретші қызметін атқарады.
2006 жылы Ақтау қаласында «Каспий достық теңізі» II халықаралық фестивалінде бас суретші қызмет атқарды.
2006 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2006 жылы Астана қаласында «Шабыт» халықаралық фестивалінде Гран–при жүлдесіне ие болды.
2007 жылы Каир (Египет) қаласында эксперименталдық театрының халықаралық фестиваліне қатысты.
2008 жылы Ақтау қаласында «Каспий достық теңізі» III халықаралық фестивалінің бас суретші қызметін атқарды.
2008 жылы Ақтау қаласында «Балалар - біз күнбіз» I халықаралық фестивалінің бас суретші қызмет атқарды.
2008 жылы Маңғыстау облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2009 жылы Маңғыстау облысының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
ҚР мәдениеті мен өнеріне қосып жүрген үлесі үшін «ҚР мәдениет қайраткері» атағы берілді


56e9106b94da9.png

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>