Директордың орынбасары

Жұмағалиев Мырзахмет Сарбасұлы
(директордың орынбасары)

Жұмағалиев Мырзахмет Сарбасұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келіп, 1967 жылы осы ауылдағы Н.Крупская атындағы мектептің бірінші сыныбына барып, осы аталған оқу орнынан орта білім алып, жанұя жағдайына байланысты еңбекке ерте кірісіп, «Жанкелдин» атындағы совхозда жұмысшы болып еңбек етті.
1979-81 жылы Кеңес Армиясы қатарында болып азаматтық борышын өтеді. Әскерден келген соң «Жанкелдин» атындағы совхозда тракторист болып жұмыс жасап,
1981 жылы Алматы қаласындағы Кинотехникумның күндізгі бөліміне түсті.
1984 жылы кинотехнолог мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1984-93 жылдар аралығында «Достық» кинотеатрында инженер болып жұмыс жасады.
1993 жылдан бастап «Юность» кинотеатрында инженер, кино бөлімінің меңгерушісі, кинопрокат директорының міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.
1999-2002 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық кинопрокат мемлекеттік кәсіпорынында директор болып қызмет атқарды.
1998 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының сыртқы бөліміне оқуға түсіп, 2003 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдап шықты.
2002 жылдың қазан айынан бері Облыстық музыкалық драма театрында директор орынбасары.
2011 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» құрметті атағын иеленді.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесі медалімен марапатталды.





 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>